Ақсуда күйік шалған жұмысшының жағдайы белгілі болды
Зардап шеккен азамат тиісті ем алуда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қазіргі таңда жағдайы ауыр, тұрақты деп бағалануда.
– Бетін, құлақ, сол қолы, оң жақ білек, іштің алдыңғы қабырғасы, білек және сол жақ жіліншігін екінші-үшінші дәрежелі 18-20% термиялық күйік шалған. Тыныс алу жолдарының термиялық ингаляциялық зақымдануы анықталды, – дейді басқармада.
Жедел жәрдем бригадасымен Ақсу қалалық ауруханасының қабылдау бөліміне жеткізілгеннен кейін травматолог дәрігер қарап шықты. Жараны біріншілік хирургиялық өңдеу жасалды. Жағдайының ауырлығына байланысты анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімшесіне жатқызылды.
Естеріңізге сала кетейік, оқыс оқиға Ақсу ферроқорытпа зауытының №2 балқыту цехында орын алды. Жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан металлургиялық жабдықтарды жөндеу цехының газбен кесуші маманының денесін күйік шалған. Зардап шеккен ер адам 54 жастағы жұмысшы болып шықты.
Облыстық еңбек басқармасында мән-жайлар анықталып жатқанын хабарлады.
Фото: Константин Шелков