Павлодарда бес миллион қарызы бар жүргізуші жаяу қалды
Борышкердің көлігі айып тұрағына қойылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, «Кибер-шериф» кешені «Lada-21703» маркалы автокөлікті тіркеді.
– Жүргізуші тоқтатылып, тексеру барысында оның айыппұлдар мен банктік несиелер бойынша шамамен бес миллион теңге көлемінде қарызы бар екені анықталды. Көлік құралы қарыз толық өтелгенге дейін арнайы тұраққа қойылды, – деді Павлодар қаласы ПБ патрульдік полиция батальоны қызметінің инспекторы Жандос Мейрамғазы.
Ведомство мәліметінше, жыл басынан бері қарызы бар 12 автокөлік арнайы тұрақтарға орналастырылған.