Павлодарда бизнес үшін гранттар беру кезінде жемқорлық тәуекелдері анықталады
Жергілікті атқарушы органдардың қызметінде бизнеске қаржылық қолдау көрсету (гранттар) саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау басталды, деп хабарлайды @Рavlodarnews.kz.
Павлодар облысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі талдауды ағымдағы жылдың шілде айында өңірлік жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының қатысуымен жалғастырады.
– Сонымен қатар, тиісті құзыреті бар және талданатын саланың қызметіне бағдарланған өңірдің бей-жай қарамайтын тұрғындары ақпарат беру арқылы өз ұсыныстары мен ескертулерін енгізе алады, – дейді Павлодар облысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінде.
Кері байланыс үшін 87072073200 (Whatsapp қосымшасымен) нөмірі бойынша немесе Павлодар қаласы, Қамзин көшесі, 37, «Antikor Ortalygy» фронт-офисі мекенжайы бойынша хабарласуға болады.