Павлодарлық театр желтоқсан айының репертуарын ұсынды

Павлодарлық театр желтоқсан айының репертуарын ұсынды
Фото: Константин Шелков

Жаңа жылдық мереке қарсаңында балаларға арналған жаңа ертегінің премьерасы болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Ж.Аймауытов атындағы облыстық қазақ музыка-драма театры желтоқсан айында болатын қойылымдардың афишасын жариялады. Бұл жолы театрдың туған күніне орай Мұқағали Мақатаевтың туындыларынан музыкалық-поэтикалық кеш ұйымдастырылады. 

1 желтоқсан күні сағат 18:00-де Бердібек Соқпақпаевтың «Балалық шаққа саяхат» қойылымы ұсынылады. 

Ал 5 желтоқсан 12:00-де Евгений Пермяковтың «Отпен ойнама» қойылымы көрсетілсе, 7-ші желтоқсан 18:00-де Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерінен «Есіңе мені алғайсың» музыкалық-поэтикалық кеші өткізіледі. 

14 желтоқсан  17:00-де «Әбілмансұр, Сабалақ, Абылайхан» қойылымы көрсетілсе, 16 желтоқсан театр Мәскеу сахнасында көрсеткен «Ұждан» қойылымын ұсынады.

 Ал бүлдіршіндер үшін театр базарлық дайындап қойған. 20-30 желтоқсан аралығында «Балаларға арналған жаңа жылдық таңертеңгіліктер және «Мысық үйі» музыкалық ертегісі көрерменге жол тартпақ. 

Еске сала кетейік, жергілікті театр Мәскеу облысында өткен «Подмосковные весера» байқауына қатысып, «Үздік ансамбль» аталымын алған болатын.