Павлодарда топпен зорлық көрсеткендерге қатысты сот үкімі шықты
Бұл қылмысты жасағаны үшін заң 9 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түрінде жаза қарастырылған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Павлодар қаласы № 2 соты баспасөз қызметінің мәліметінше, ҚК-нің 120-бабы, 2-бөлігі, 1-тармағына сәйкес алдын ала сөз байласу бойынша адамдар тобының зорлау фактісі бойынша қылмыстық іс қаралды.
– Істің мән-жайын заң бойынша ашу мүмкін болмағандықтан, іс жабық сот отырысында қаралды. 28, 31 және 32 жастағы айыпталушылардың кінәсі қылмыстық істің тергелген материалдарымен, жәбірленушінің, куәлардың айғақтарымен, сараптамалық қорытындылармен дәлелденді, – деп жазылған хабарламада.
Жеңілдететін мән-жайлар – сотталушылардың соттылығының болмауы және жасы, ауырлататын мән-жайы – қылмыстық құқық бұзушылықты мас күйінде жасауы ескеріліп, сот үшеуін қауіпсіздігі жүйелері орташа мекемеде өтеумен тоғыз жылға бас бостандығын өтеу түрінде үкім шығарды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Фото: Константин Шелков