Павлодарда жетпістен асқан әйел мас күйде көлік басқарған

Павлодарда жетпістен асқан әйел мас күйде көлік басқарған
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Істі қалалық әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сот қарады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Сотта 2024 жылдың желтоқсанында 1951 жылы туған азамат И.-нің алкогольдік масаң күйде «Toyota» маркалы көлік құралын басқарғаны анықталды.

Сот отырысында азамат И. құқық бұзушылық фактісін мойындады. Жасалған құқық бұзушылықтың мән-жайлары әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен, медициналық куәландыру қорытындысымен және бейнежазбамен расталды.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 50-бабы 2-бөлігіне сәйкес, елу сегіз жастан асқан әйелдерге қамаққа алуды қолдануға болмайды. Сол себепті сот азамат И.-ні ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, оған 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру түріндегі жаза тағайындады.

Қаулы заңды күшіне енді.