Павлодарда бос орындар жәрмеңкесі өтеді

Павлодарда бос орындар жәрмеңкесі өтеді
Фото: pexels.com

Оған өңірдің 40-тан астам ұйымы қатысады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Қалалық жастар бастамаларын дамыту орталығының мәліметінше, 15 тамыз күні сағат 11:00-ден 12:00-ге дейін Ломов көшесі, 38 мекенжайы бойынша бос орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылады. 

– Іс-шараға өңірдің 40-тан астам ұйымы қатысады. Олар  қызықты және перспективті жұмыс орындарын ұсынатын болады. Жаңа табысты мансапты бастау мүмкіндігін жіберіп алмаңыз, – делінген хабарламада. 

Сұрақтар бойынша 66-12-52 нөмірі арқылы хабарласуға болады.