Екібастұзда «AMANAT» партиясының қатары толықты

60-қа жуық кәсіпорын қызметкері партияға мүше болды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«AMANAT» партиясы облыстық филиалының мәліметінше, еліміздегі ғана емес, Павлодар облысындағы ең ірі көмір өндіруші кәсіпорындардың бірі – «Богатырь Көмір» ЖШС-нің 60-қа жуық қызметкері «AMANAT» партиясының қатарына қосылды.
Жаңа мүшелерге партиялық билеттерді облыстық филиалдың атқарушы хатшысының міндетін атқарушы Айнұр Мұхамедьярова және «Богатырь Көмір» ЖШС бас директорының кеңесшісі, компаниядағы «AMANAT» партиясының алғашқы ұйымының төрағасы Серік Саттаров табыстады.
– Дәл Жұмысшы мамандықтары жылы біздің қатарымызды бір кәсіпорыннан осынша қызметкердің толықтыруы – бұл халықтың сенімі мен партия мақсаттарын қолдауға дайын екендігінің айқын көрінісі, – деді Айнұр Мұхамедьярова.
Кәсіпорынның бас инженері Артём Муфтахутдинов сөз сөйлеп, «AMANAT» партиясына мүше болу – үлкен құрмет әрі жауапкершілік екенін атап өтті. Оның айтуынша, ұжым партиямен бірге бірқатар әлеуметтік жобаларды жүзеге асырып келеді: атап айтқанда, балаларды мектепке дайындауға көмектеседі, пандустар орнатады және қала тұрғындарын қолдайды.
Жаңа партия мүшелері қаланың өміріне белсене араласуға және ортақ мақсаттарға жетуге өз үлестерін қосуға дайын екендіктерін жеткізді.