Павлодарда бір жылдық гүлдер отырғызыла бастады

Павлодарда бір жылдық гүлдер отырғызыла бастады
Фото: Константин Шелков

Қаланың орталығы ғана емес, шағын аудандар да гүлмен көмкеріледі, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

Павлодар ТКШ бөлімі көгалдандыру секторы меңгерушісінің міндетін атқарушы Бағдат Жингуловтың айтуынша, 40 мың шаршы метр гүлзар отырғызу және оларға күтім жасау жоспарланған.

– Күніне кемінде бір рет қопсыту, арамшөптерді жұлу және суару қарастырылған. Жеңіс және Конституция алаңдарында 10 мың шаршы метр гүлзар отырғызылды. Сондай-ақ гүлдерді егу өрнектері дайындалды, – деді спикер.

Көпжылдық өсімдіктердің түрлерін таңдау да шешімін тапты. Әзірге біржылдықтар отырғызылады. Бұл – шырайгүл,  қараот, үлпек.

Жағалау мен әуежайдан басқа, шағын алаңдарда және шағын аудандарда  гүлзарлар пайда болады.