Павлодарда бірінші аурухананың блоктарын жаңартуға қосымша қаржы керек

Павлодарда бірінші аурухананың блоктарын жаңартуға қосымша қаржы керек
Фото: Константин Шелков

Бұл сұрақ республикалық бюджетті нақтылау кезінде пысықталады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі

Нысандағы жұмыстарға республикалық бюджеттен 12,4 миллиард теңге бөлінді, биыл 3,4 миллиард теңге жұмсалады.

Павлодар облысы әкімінің орынбасары Дәурен Жамбайбеков №1 қалалық ауруханаға жұмыс сапарымен барды. Мекемеде екі жыл бұрын А, Г және Д блоктары қайта құрыла бастады. 

–  Қалған блоктарды қайта жаңартуға тағы 6,3 миллиард теңге қажет. Бұл – жаңа жоба, біз ағымдағы жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау кезінде қолдау табады деп үміттенеміз, – деді Дәурен Жамбайбеков өзінің Instagram-аккаунтында.

Ол аурухананың қалпына келтірілген бөлігін, операциялық бөлмені, ас блогын тексерді. Палаталарды аралап, науқастардан тамақтану жағдайлары туралы сұрастырды, олардың пікірлерін тыңдады.

Облыс әкімінің орынбасары аурухана әкімшілігіне әрбір адамға қызмет көрсетудің жоғары деңгейін қамтамасыз ете отырып, науқастардың жайлылығын ерекше бақылауға алуды тапсырды.

Еске сала кетейік, былтыр қазан айында  облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әнуар Бұйрашев блок құрылысының аяқталуы кезеңінде қаржыландыру 6,4 миллиард теңгені құрағанын мәлім еткен болатын. Дегенмен, үш миллиард теңге ғана бөлінген, қалған 3,4 миллиард теңге 2025 жылға бекітілген.

№ 1 ауруханада 2022 жылдың шілде айынан бастап кешенді реконструкция жұмыстары жүргізілді. Ғимараттың терезелері мен қасбеті жаңартылды. Екі блокта күндізгі стационар мен сheck-up орталық, екінші қабатта 11 жедел ота бөлімі орналастырылады.