Павлодардың бірқатар тұрғын үйлерінде жарық болмайды

Жөндеу жұмыстары жоспарланған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Павлодарэнерго» АҚ мәліметінше, 7 маусым күні сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін келесі мекенжайлар бойынша электр қуатымен қамтамасыз ету қызметі тоқтатылады:
- Айманов көшесі, 18, 19, 20, 21, 22, 32, 33, 34, 47/2;
- №8 балабақша;
- №39 бөбекжай-бақша.
Сонымен қатар, сағат 14:00-ден 17:00-ге дейін 10 кВ әуе желісіндегі жұмыстардың жүргізілуіне байланысты Радиозавод шағын ауданында электр жарығы өшіріледі.