Павлодарлықтар мемлекеттік органдардың басшыларына тікелей сауал қоя алады
Ол азаматтарды бірыңғай қабылдау күні аясында мүмкін болмақ, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық әкімдіктің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, 4 наурыз күні сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін облыстық мемлекеттік органдардың басшылары Павлодар қаласы, Ген. Дүйсенов көшесі, 80 мекен-жайы бойынша орналасқан Азаматтарды қабылдау орталығында «Азаматтарды бірыңғай қабылдау күнін» өткізеді.
- Өңір тұрғындары келіп, сұрақтарын қойып, кеңес ала алады, сондай-ақ тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жер қатынастары, ауыл шаруашылығы, әлеуметтік және медициналық көмек, жұмысқа орналасу және білім беру қызметтері, кәсіпкерлік қызмет және т. б. салаларда ұсыныстарын енгізе алады, - делінген хабарламада.
Әкімдіктің басқармаларымен бірге полиция, әділет, сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау, мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің департаменттері, «Павлодар-Водоканал» ЖШС, «Павлодар жылу желілері» ЖШС, Еңбек мобильдігі орталығының мамандарынан кеңес алуға болады.