Ақсуда жылына 60 миллион кірпіш өндіретін зауыт салу талқыланды
Жоба аясында құрылыс алаңын дайындау және өндірістік желіні іске қосу кезеңдері қаралды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қалалық кәсіпкерлік және туризм бөлімінің мәліметінше, аталмыш инвестициялық жоба бойынша кеңес өтті.
Қала әкімі Болатбек Шәріпов қатысқан кездесу барысында жобаны іске асырудың негізгі кезеңдері талқыланды. Атап айтқанда, құрылыс алаңын дайындау, инженерлік желілерге қосылу және белгіленген мерзімдердің сақталуы қарастырылды.
Сонымен қатар технологиялық жабдықтарды жеткізу, өндірістік желіні қалыптастыру және кәсіпорынды қажетті ресурстармен қамтамасыз ету мәселелеріне назар аударылды.
Кеңес қорытындысы бойынша инвестициялық жобаны жүзеге асырудың алдағы кезеңіне арналған басым міндеттер айқындалып, әрі қарайғы іс-қимыл жоспары келісілді.