Павлодарда дүкенге жапсыра салынып жатқан құрылыстың өрт қауіпсіздігі сақталмаған (ВИДЕО)
Кәсіпкерге шілде айында сәулет бөлімі құрылыс салумен қайта құруға рұқсат берген, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Бұл туралы облыс орталығының басшысы Хасар Хабылбеков өзінің Instagram парақшасында жазды.
- Әлеуметтік желіде Малайсары батыр көшесі, 27-үйдің тұрғындары ауладағы дүкенге жапсыра салынып жатқан құрылысқа шағымданды. Әріптестеріммен бірге осы өтініштер бойынша жағдайды анықтау үшін аталған орынға бардым. Малайсары батыр, 27/1 бойынша орналасқан, нысаналы мақсаты «Дүкенді орналастыру және күтіп ұстау үшін» болатын жер учаскесі жеке тұлғаға тиесілі, - деп түсіндірді шаһар басшысы.
Ағымдағы жылдың шілде айында сәулет бөлімі дүкен иесіне екі жапсырма құрылыс салумен қайта құруға рұқсат берген. Алайда, дүкеннің артқы жағына іргетас блоктарын орнату арқылы жобалық-сметалық құжаттамадан ауытқу анықталған. Ол өрт қауіпсіздігін бұзады.
Хасар Хабылбеков сәулет бөліміне шара қолдану үшін мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасына хат жолдауды тапсырды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram