Павлодарда депутаттар дүкендердегі азық-түлік бағасына тексеріс жүргізді

Павлодарда депутаттар дүкендердегі азық-түлік бағасына тексеріс жүргізді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Азаматтардан шағымдар мен өтініштер түсуіне байланысты тексеріс ұйымдастырылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«AMANAT» партиясы фракциясының өкілдері Асылбек Туғанбай мен Қалауиден Ибрагимов тұрақтандыру қорының қоймаларын, фермерлік базарды және бірнеше дүкенді аралап, азық-түлік бағаларын бақылап шықты. Олар сатушылармен және сатып алушылармен әңгімелесіп, негізгі мәселелерді анықтады.

Базардағы көкөніс бағасы келесідей: картоп бір келісіне 104 теңге, қырыққабат – 110 теңге, пияз – 88 теңге.

Делегация сонымен қатар «SMALL & Skif» супермаркеттер желісінде болды. Онда қытайлық премиум сападағы картоп 1 келісіне 339 теңгеден сатылуда. Алайда, жергілікті картоптың сөрелерде жоқ екені анықталды, себебі тұрақтандыру қорының қоры таусылған. Сатушылар Павлодар ӘКК-нен жаңа жеткізілім күтіліп жатқанын хабарлады.

Депутаттар әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасы мен қолжетімділігін тұрақты түрде бақылаудың маңыздылығын атап өтті. Тексеру нәтижесі бойынша, халық үшін бірінші қажеттілік тауарларының қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында тиісті шаралар қабылдау жоспарланды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от AMANAT | Павлодар облысы (@amanat_pavlodar)