Павлодарда домбырадан шеберлік сағат өтеді

Павлодарда домбырадан шеберлік сағат өтеді
Фото: Константин Шелков

Домбырада ойнауды тәжірибелі ұстаз үйретпек, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар қаласы Жастар бастамаларын дамыту орталығының ұйымдастыруымен 29 ақпан күні сағат 18:00-де «Ұлттың үні - домбыра» атты домбыра үйретуден шеберлік сағаты өтеді. 

– Шеберлік сағатын арнайы музыкалық білім алған, өнер саласында 10 жылдан астам тәжірбиесі бар маман жүргізетін болады. Ал аталмыш шарадан кейін орталық қабырғасында домбыра үйірмесі ашылады, – дейді орталықта. 

Айта кету керек, шеберлік сағаты Кривенко көшесі 25а мекенжайында өтеді.