Су сұраған: Атамекен кентінде жоғалған 86 жастағы әйел әлі табылған жоқ

Еріктілер өзен маңын, құдықтарды, қараусыз ғимараттарды тексеріп жатыр, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«VITA» еріктілер тобы Атамекен (Ленин) кентінде 10 қазаннан бері хабарсыз кеткен, 1939 жылы туған София Мерцалованы іздеу жұмыстарын жалғастырып жатыр.
– Көршілерінің айтуынша, София Мерцалова 10 қазанда жоғалған. Алайда кейбір мәліметтер бойынша, ол бұдан ертерек 7 қазанда көрінбей кеткен болуы мүмкін. Бір куәгер сол күні қараңғы уақытта әжейді қолында канистр ұстап жүргенін байқаған. Әйел одан канистраға су құйып беруді сұраған, бірақ ыдыстың түбі тесік болғандықтан, бұл мүмкін болмаған. Куәгер мұны София Адамқызының өзіне айтқан. Болжам бойынша, зейнеткер өзен жағына қарай бет алған болуы мүмкін, – делінген хабарламада.
Еріктілер тек өзен жағалауын ғана емес, сондай-ақ құдықтарды, қараусыз қалған ғимараттарды тексеріп, жергілікті тұрғындардан сұхбат алып жатыр. Жасының үлкендігіне байланысты әжейдің алысқа кете алмағаны болжанса да, әзірге ешқандай із немесе айғақ табылған жоқ.
София Адамқызының жүрген жері туралы қандай да бір мәліметі бар адамдардың ақпараты еріктілер үшін аса маңызды. Байланыс нөмірлері:
- +7 747 615 55 63 – Катерина;
- +7 777 334 82 01 – Светлана.
Іздеу жұмыстары жалғасуда.
Посмотреть эту публикацию в Instagram