Павлодарда «Eco Cinema Night» аясында экологиялық кино көрсетілді

Павлодарда «Eco Cinema Night» аясында экологиялық кино көрсетілді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Қатысушылар пластик қалдықтарының зияны туралы фильм көріп, экологиялық мәселелерді талқылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Жастар бастамаларын дамыту орталығының мәліметінше, кино көрсетілімі «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында өтті.

Іс-шара барысында қатысушылар пластик мәселесіне арналған деректі фильмді тамашалады. Онда пластик қалдықтарының қоршаған ортаға, жануарлар әлеміне және адам денсаулығына тигізетін зияны кеңінен көрсетілді.

Көрсетілімнен кейін қатысушылар өз ойларымен бөлісіп, экологиялық мәселелерді талқылады. Әсіресе, күнделікті өмірде пластикті азайту, қайта өңдеуді дамыту және табиғатты қорғауға бағытталған қарапайым әдеттерді қалыптастыру қажеттігі атап өтілді.

Сонымен қатар іс-шара соңында «Қаланы қалай жақсарта аламыз?» тақырыбында ой толғау ұйымдастырылып, жастар түрлі экологиялық бастамалар ұсынды.

Ұйымдастырушылар мұндай кездесулер қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттырып, табиғатты қорғауға әр азаматтың үлес қосуына ықпал ететінін атап өтті.