Павлодарлықтарға жұма күні терезе ашпауға кеңес берілді
![Павлодарлықтарға жұма күні терезе ашпауға кеңес берілді](https://pavlodarnews.kz/uploads/images/202502/image_750x_67a1c661dcf03.jpg)
Қазіргі таңда қаладағы ауа сапасының көрсеткіштері орташа деңгейде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Әлемдегі атмосфералық ауаның сапасына мониторинг жүргізетін швейцариялық «IQAir» компаниясы Павлодарда ауа сапасын 53 AQI⁺ деңгейінде бағалайды. Бұл – қаланы сары рейтингке қосқан орташа көрсеткіші.
– Қазіргі уақытта PM2.5 концентрациясы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған деңгейден екі есе жоғары. Осы концентарияның бір текше метрге 10,1 микрограммды құрайды, – дейді компания сарапшылары.
«IQAir» 7 ақпанда ашық ауада физикалық белсенділікті азайтуды, терезелерді жабық ұстауды, ауа тазартқыштарды пайдалануды және далада бетперде киюді ұсынады.
Сары индекс тек бүгін ғана болады.
Айта кетейік, PM2. 5 бөлшектері – ауадағы қатты микробөлшектер мен сұйықтықтың ең кішкентай тамшылары (диаметрі 10 нм-2,5 мкм).