Павлодарда екі қабатты ағаш үй отқа оранды

Павлодарда екі қабатты ағаш үй отқа оранды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, хабарлама 5 мамыр күні сағат 23.16-да түскен. Өрт сөндірушілер оқиға орнына жедел шығып, жалпы ауданы 200 шаршы метрді құрайтын тұрғын емес екі қабатты үйдегі өртті сөндіруге кірісті. 

Өрт сөндірушілердің үйлесімді әрекеттерінің нәтижесінде тілсіз жау сағат 00:54-те толықтай жойылды. Себебі анықталуда.  

Павлодар облысының ТЖД өрт қауіпсіздігі шараларын қатаң сақтау туралы ескертеді.