Баянауыл ауданында прокуратура қызметкерінің өлімі тергелуде
Тергеу «Өзін-өзі өлтіруге итермелеу» бабы бойынша жүргізілуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Марқұм Баянауыл ауданының прокуратурасында жұмыс істеген.
– Павлодар облысының прокуратурасы полиция бөлімшесі Баянауыл аудандық прокуратурасы қызметкерінің өліміне қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатқанын хабарлайды, – деп хабарлады қадағалау органы.
Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жарияланбайды.