Павлодарда екі ай бұрын жоғалған адамды іздеу жалғасуда

Оны жұмысқа алып кетті немесе өзі кетті деген болжам бар, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Әбілқайыр Орумбаев 10 шілдеде 1976 жылы дүниеге келген. Биыл ақпан айының ортасынан бастап оның қайда жүргені белгісіз, содан бері әпкесі оның қайда екенінен бейхабар.
Соңғы рет Қарағанды көшесі, 1 мекенжайында болған.
– Ол жұмысқа кеткен кезде де үнемі байланыста болып, қоңырау шалатын. Біздің еріктілер оны іздеуге шыққан, адамдардан сұрастырды, куәгерлерді іздеді, бағдарларды желімдеді, – дейді «Vita» іздеушілер ұйымында.
Егер ер адамға қатысты ақпарат немесе оны көрген адамдар болса, еріктілерге келесі нөмірлер бойынша дереу хабарлауды сұрайды: +7 (747) 615 55 63 (Катерина), +7 (777) 334 82 01 (Светлана).