Павлодарда екі ер адам топырақ үйіндісінің астында қалды

Павлодарда екі ер адам топырақ үйіндісінің астында қалды
Фото: Константин Шелков

Шұңқыр қазған бір тұрғын мерт болды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық жедел жәрдем станциясының хабарлауынша, 15 қазан күні кешкі сағат 19:08-де Достоевский көшесі, 60 мекенжайы бойынша екі ер адам топырақ астында қалып қойғаны туралы хабарлама түскен. Бригада оқиға орнына төрт минутта жетті. 

– Екі жұмысшы жеке үйде шұңқыр қазу кезінде топырақтың астында қалып қойды.  51 жастағы ер адам жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмды, – деді станцияда. 

Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасында 46 жастағы тірі қалған ер адам қатты стресс алғанын хабарлады. Оған «ұзақ мерзімді жеңіл дәрежеде қысылып қалу» синдромы деген диагноз қойылды.