Павлодарда эко-пикникте экологиялық әдеттер туралы айтылады

Бұл шара «Таза Қазақстан» акциясында өтеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
10 қыркүйекте сағат 15:00-де Усолка ықшам ауданында «Volunteer time» шағын гранты аясында Павлодар облысындағы әлеуметтік-еріктілік бастамаларды қолдау мақсатында, «Жастар СӨС үшін» жастар қоғамдық бірлестігінің қолдауымен бастамашыл топ «Eco vibe» эко-пикник ұйымдастырады.
– Эко-тренинг пен мастер-класс – қарапайым әрі пайдалы экологиялық әдеттер туралы айтылады. Қатысушыларды кофе-брейк пен еркін әңгіме, жаңа таныстықтар, тәжірибе алмасу және шабытқа толы атмосфера күтіледі, – деді «Жастар СӨС үшін» жастар қоғамдық бірлестігі.
Бұл жай ғана сенбілік емес – бұл бірлік пен сергектіктің, табиғатқа қамқорлық жасаудың үлгісі.