Павлодарда ер балалар спорттық гимнастикадан өз шеберліктерін сынай алады

Павлодарда ер балалар спорттық гимнастикадан өз шеберліктерін сынай алады
Фото: pexels.com

Кішкентай тұрғындар үшін іріктеу ұйымдастырылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

№ 1 олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебінде спорттық гимнастика бөліміне қабылдау өтеді. 5-7 жастағы ер балалар 6 қазанда сағат 10:00-де Толстой көшесі, 22/1 мекенжайында келе алады. 

– Өзіңізбен бірге ауыстыруға болатын аяқ киім, созылу жаттығуларын орындау кезінде қозғалысқа кедергі келтірмейтін спорттық форма, ақ шұлық алу қажет. Чешки кию міндетті емес, – делінген хабарламада. 

Іріктеу сатысында балаларын көргісі келетін ата-аналар залға өзімен бірге алып келген аяқ қиімімен кіруге рұқсат етіледі. Түсірілім жасауға болмайды. 

 Спорттық мектепке қабылдауға құжаттар тізімі іріктеуден өткен балалардың ата-аналарына беріледі.