Павлодарда ерекше балалар шаттыққа бөленді

Павлодарда ерекше балалар шаттыққа бөленді
Фото: «AMANAT» партиясының Павлодар облыстық филиалы

Мерекеге облыстың түкпір-түкпірінен балалар мен олардың ата-аналары жиналды, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.   

Көпшілігі мұндай көңілді әрі мейірімге толы іс-шараға алғаш рет қатысты. Ұйымдастырушылар ерекше күтімді қажет ететін балаларды қуанту үшін әсерлі ойын-сауық бағдарламасын ұйымдастырып, тәттілер, сыйлықтар табыс етті. 

Мерекенің бастамашысы — «AMANAT» партиясының Павлодар облыстық филиалы жанындағы әйелдер қанаты. Төрайымы — Света Абдраманова. Ізгі бастамаға депутаттар Айдар Құрумбаев пен Татьяна Ляхова, сондай-ақ облыстық әйелдер қанатының мүшесі Салтанат Төлегенова,  партияның облыстық филиалы атқарушы хатшысының м. а. Айнұр Мұхамедьярова қолдау білдірді.

Балалар үшін «Аmadeus» мерекелік агенттігі аниматорлармен түрлі байқаулар мен ойындар өткізіп, шексіз шаттық пен күлкі сыйлады. Көптеген бүлдіршіндер қызығушылықпен белсенді қатысты. Ал ата-аналар мұндай кеш үшін ризашылығын білдірді. 

Біз осындай мерекелік шараға бірінші рет қатысып отырмыз және ұмытылмас әсер қалдырды! — дейді аналардың бірі. — Ұйымдастырушыларға шын жүректен алғысымызды айтамыз. Бұл — жай ғана мереке емес,  бізді ешкім ұмытпағанын сезінудің өзі қуаныш сыйлайды.

Мұндай игі бастамалар балаларға қуаныш сыйлап қана қоймай, қоғамда мейірім мен өзара қолдаудың берік негізін қалайды. «AMANAT» партиясы алдағы уақытта да осындай шараларды қолдап, ерекше балалардың қоғамдағы орны берік болуына барынша жағдай жасауды жалғастыра бермек.