Павлодарда ерекше жандар үшін Жаңа жыл мерекесі ұйымдастырылды
Шараға 30-дан астам адам қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Жаңа жылдық шара «Самал» оңалту орталығы мен «Альрами» клуб үйінің тәрбиеленушілері үшін ұйымдастырылды. Мерекелік шараға 31 тұрғын қатысты. Аталмыш іс-шараға оларды "Достық үйіне" облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы кәсіпкерлер ассоциациясы шақырды.
– Ассоциацияда сегіз белсенді кәсіпкер бар. Біз тәтті сыйлықтар алдық, қонақтарымыздың көңілін "Домовята" театр шеберханасының аниматорлары көтерді, - дейді ассоциация төрағасы Эдуард Аппельт.
«Альрами» клубының координаторы Айдана Сәрсенбенова "Достық үйіне" мерекеге жалғыз тұратын ақыл-ойы кем адамдар келгенін айтады. Қалғандар үшін клуб үйінде дастарханы жайылды.
Естеріңізге сала кетейік, Павлодарда 1845 мүмкіндігі шектеулі балаға жаңа жылдық тәтті сыйлықтар үшін 8625 теңге көлемінде бір реттік әлеуметтік төлем төленеді.