Павлодарда ерке Ертістің жағасын бейнелеген суретшілер марапатталды
Байқауға 5-10-сыныптарының 20 оқушысы қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Білім беру бөлімінің мәліметінше, балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығы оқушыларға патриоттық тәрбие беру, балаларды қызығушылықтары бойынша бос уақыттарын қамтуды қолдау мақсатында «Ерке Ертістің жағасында» атты қалалық шығармашылық байқауын өткізді.
– Байқау шарттары бойынша қатысушылар табиғат байлығы, өңірдің мәдени көрікті жерлері, белгілі тұлғалар, салт-дәстүрлер, туған Ертіс өңірінің тұрмыстық мәдениеті туралы бейне-фото жұмыстарын ұсынды, – дейді ұйымдастырушылар.
«Бейнеподкаст» номинациясы бойынша І орынды А. Байтұрсынов атындағы ЖОМ 10-сынып оқушысы Аурика Тумаренко «Мәдени көрікті жерлер» жұмысы үшін иеленді.
«Фотоконкурс» номинациясында Қ. Бекхожин атындағы ЖОМ 11-сынып оқушысы Гүлназ Жануакова өскелең ұрпақтың көзімен қала сұлулығы туралы фотосуреттері үшін І орын иегері атанды.