Павлодарда үздік тхэквондошылар анықталды

Павлодарда үздік тхэквондошылар анықталды

Қаланың ашық чемпионатына 400-ге тарта спортшы қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Тхэквондо-GTF бойынша өткен турнирге балалар, жасөспірімдер мен юниорлар қатысты. Балалар тобында тоғыз-он жасар тхэквондошылар жарысса, үлкендер арасында он төрт-он бес жастағы спортшылар жеңіс үшін тартысты. 

- Жарысқа Павлодардың 12 клубы қатысты. Спортшылар өте жақсы нәтижелер көрсетті. Барлығы тәуір физикалық дайындық, техника мен жеңіске деген жігер танытты, - дейді турнирдің бас төрешісі Артем Граблев. 

Бірінші орын алғандар арасында Мағжан Дәуіт, Олжас Асылбек, Милена Куванникова, Камилла Әбуталип, Данель Арманова, Мансұр Бектемір, Ратмир Шараев, Аслан Бектемір, Дарья Рудницкая, Әлихан Арманұлы, Данил Басов, Әмір Жанғузин болды.

Үздіктер тхэквондо-GTF бойынша облыстық чемпионатқа жолдама алды. 

Фото: автор