Павлодарда санитарлық талапқа сай келмейтін құрылыс нысандары анықталды
Пайдаланушы ұйымдарға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар қаласы тұрғын үй инспекциясы және коммуналдық шаруашылық бөлімінің мәліметінше, өңірде жер үсті инженерлік құрылысын санитарлық талаптарға сай ұстамау фактісі тіркелген.
– Ломов көшесі, 179/4 мекенжайында орналасқан тұрғын үй ауданында, жылу желісінің іргелес аумағында ағаштар мен бұталар түріндегі жасыл желектер, сондай-ақ тұрмыстық қоқыстар шашылып жатқан, – делінген хабарламада.
Сонымен қатар, Орталық өнеркәсіптік аймақ, 233 мекенжайы бойынша да осындай жағдай тіркелді.
Аталған фактілер бойынша пайдаланушы ұйымдарға қатысты полиция өкілдерімен ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабына сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды.
Айыппұл сомасы 1 млн 035 000 теңгені (300 АЕК) құрады.