Павлодарда есірткі жарнамалаған QR-тақтайшалар алынды

Павлодарда есірткі жарнамалаған QR-тақтайшалар алынды

Қалада жалпы QR-коды бар 280 тақтайша орнатылған болатын, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Әлеуметтік желідегі парақшалардың бірінде қалалық мәдени ескерткіштерінде орнатылған ақпараттық тақтайшалардағы QR-код есірткі жарнамалайтын сайтқа сілтеме жасап тұрғаны белгілі болды. 

Облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат басқармасының мәліметінше, QR-коды бар тақтайшалардың қолданылуы Г. Потанин атындағы тарихи-өлкетану мұражайы мен бір жеке кәсіпкердің қадағалауында болған.  

Мұражаймен және жеке кәсіпкермен шарт 2018 жылы жасалған. Мерзімі  бір жылға дейін болды. Қазір барлық тақтайшалар алынып тасталды, – деді басқарамада.

Сондай-ақ ведомствода QR кодтағы ақпаратты және ескерткіштердің тізімін Г. Потанин атындағы облыстық тарихи-өлкетану мұражайының сайтына бекіту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын хабарлады. 

Айта кетейік, Павлодарда 2018 барлық ескерткіштерге QR коды бар тақтайшалар қойылды. Смартфон арқылы ескерткіштің тарихымен танысуға мүмкіндік болатын. Ақпарат екі тілде ұсынылған еді.

Фото: Константин Шелков