Павлодарда газгольдердегі өртке қатысты іс қозғалды

Павлодарда газгольдердегі өртке қатысты іс қозғалды
Фото: Константин Шелков

Өрттің жақын маңдағы ғимаратқа таралуына жол берілмеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт сөндірушілер бір шаршы метр аумақта газгольдерді сөндіруге және оны салқындатуға жедел кіріскен. 

– Өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін ЖШС-ге қатысты 410-бап, 3-бап бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Эвакуацияланған халықты жылыту үшін үш автобус, сондай-ақ периметрді қоршауға алған үш полиция экипажы тартылды, – деп жазылған хабарламада.

Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

Еске сала кетейік, өрт туралы хабар «101» пультіне 12 желтоқсан күні сағат 13:31-де түскен. Оқиға орнында жедел штаб құрылды. ТЖД күштері мен құралдарынан 56 қызметкер және 10 техника жұмылдырылды.