Павлодарда ынтымақ жүгірісі өтеді

Спорттық шараға кез келген адам қатыса алады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
27 қыркүйекте таңғы сағат 10:00-де Усолка шаңғы базасында Қазақстандағы кәсіподақ қозғалысының 120 жылдығына арналған ынтымақ жүгірісі өтеді.
Бұл жай ғана жүгіру емес, бұл – бірліктің, еңбекті құрметтеудің және адам рухының белгісі.
Әйелдер 1,6 шақырым, ал ерлер 2,4 шақырымды еңсереді.
Бұл жылы жүгіріс еңбек адамына және оның қоғамдағы рөліне құрмет көрсету, еліміздің тазалығы мен экологиясына үлес қосу, көмекке мұқтаж жандарды қолдауға арналады.
Қатысушыларды тіркеу телефоны: 8 (747) 702-58-40, 8 (777) 694-29-03.