Павлодарлық ДКО елшілеріне Елорда сұлулығы көрсетілді

Павлодарлық ДКО елшілеріне Елорда сұлулығы көрсетілді
Фото: Есенжол Исабек

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының қонақтарына арнап экскурсиялар ұйымдастырылуда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Делегация мүшелеріне Астананың басты көрнекі орындары көрсетілді: Бас мешіт, Ұлттық музей, Тәуелсіздік алаңы, Бейбітшілік пен келісім сарайы және басқалар. Гидтер Сәуле Ақанова, Орал Медіғалиева мен Сәуле Өзтемірова әрбір нысанның тарихы мен жалпы Елорданың тарихынан сыр шертті.

- Қызықты экскурсия үшін рахмет, - деп гидтерге алғыс білдірді Майқайың балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры, Баянауыл ауданының құрметті азаматы, самбо мен қазақша күрестен Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы Өміртай Шәріпжанов. - Әрине, Астанада бұрын да болған едім, алайда Дүниежүзілік көшпенділер ойындары кезінде бас қалада болу бір ғанибет. Бәріміз осынау дүбірлі додада спортшыларымызға сәттілік тілейміз.


Бесінші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 8-13 қыркүйекте Астанада өтеді. Форумға 85 елден екі мыңнан астам спортшы қатысады. Жарыс 21 спорт түрінен өткізіледі.

https://www.instagram.com/reel/C_qDmMdsZON/?igsh=bmp5b2R0aGwzd2k4