«Ақсуға» жаңа бапкер келді

«Ақсуға» жаңа бапкер келді

Ол аты аңызға айналған «Қайрат» ойыншысы болды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Бүгін «Ақсу» футбол клубының бас бапкері қызметіне Вахид Масудовты тағайындады. Келісім-шарт жыл соңына дейін жасалынды.

Жамбыл футболының түлегі КСРО чемпионатында, кейін Қазақстан біріншілігінде өнер көрсеткен алматылық «Қайрат» сапында өнер көрсеткенімен белгілі. Клуб құрамында ол 300-ге тарта матч өткізіп, 30 шақты гол соққан. Ұлттық құрамада 10 матч өктізген.

Бапкер ретінде көптеген клубтарды жаттықтырып, ешқайсысында көп тұрақтамады. 2002 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Қазақстан құрамасын жаттықтырған. Соңғы басқарған командасы қарағандылық «Шахтер» болды. Кеншілерді ол 19 матч бойы жаттықтырып, команда небары жеті рет жеңіске жеткен. 

Естеріңізде болса, «Ақсудың» соңғы жаттықтырушысы Руслан Костышин команданың биылғы сәтсіздіктерінен кейін қызметінен босатылды. Былтыр оның тізгініндегі команда чемпионатта алтыншы орын алған еді. Биылғы біріншілікте «Ақсу» төрт ұпаймен 13-орында келеді.

Фото: ашық дереккөздерден