Павлодарда «инватакси» қызметтерін ұсыну кезінде өрескел бұзушылықтар анықталды
Прокурорлар әлеуметтік осал тұлғалардың құқықтарын қорғады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Павлодар облысы прокуратурасы баспасөз қызметінің мәліметінше, автокөліктерде тұтқалар мен мүгедектер арбасын бекітуге арналған құралдар болмаған. Жеткізушінің қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі расталмаған.
Қадағалау актісі бойынша бұзушылықтар жойылды, кінәлі тұлғалар жазаға тартылып, мүгедектігі бар тұлғалардың құқықтары қалпына келтірілді.