Павлодарда инвестициялық штаб маңызды жобаларды талқылады

Павлодарда инвестициялық штаб маңызды жобаларды талқылады
Фото: Валерий Бугаев

Жиын барысында аймақ басшысы жобаларға қолдау көрсету мен ағымдағы мәселелерді жедел шешудің маңызды екенін атап өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қала әкімі Хасар Хабылбеков жалпы құны 54,9 миллиард теңгені құрайтын және шамамен 500 жаңа жұмыс орнын құруды көздейтін бес негізгі жоба туралы баяндады. Талқыланған жобалардың арасында туризм мен ауыл шаруашылығы салаларын дамытуға бағытталған жобалар, сондай-ақ тұрғын үй құрылысы бар.

Отырыстың қорытындысы бойынша облыс әкімі мемлекеттік органдарға инвесторлармен белсенді өзара қарым-қатынасты жалғастырып, жоспарланған барлық жобалардың белгіленген мерзімде іске асырылуын қамтамасыз етуді тапсырды.