Павлодар облысындағы антикор басшысы республикалық агенттік басшысының орынбасары болып тағайындалды
Бұл туралы ҚР Президентінің өкімі шықты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
- Мемлекет басшысының өкімімен Дархан Ғалымтайұлы Құрақбаев Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды, - делінген ҚР Президенті баспасөз қызметінің хабарламасында.
Айта кетейік, Дархан Құрақбаев 1983 жылы туған.
2017 – 2021 ж.ж. – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары (тергеу жұмысы бойынша) болды.
2022 жылғы 11 қазаннан бастап Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Павлодар облысы бойынша департаментінің басшысы болып қызмет атқарды.