Павлодарда итін тұмылдырықсыз серуендеткен тұрғын айыппұлға ілікті

Ветеринарлар ұстаған ит бірнеше күн жануарларды уақытша ұстау пунктінде болған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Әкімшілік құқық бұзушылық 9 наурызда орын алды. Ер адам Нұркин көшесінде итті қарғыбаусыз және тұмылдырықсыз серуенге шығарған. Кейін Арчи лақап атты ит уақытша ұстау пунктіне орналастырылды.
– Арчидің иесіне әкімшілік құқық бұзушылық үшін 407-2-бапқа сәйкес, Қазақстан Республикасының жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін айыппұл салынды, – деді облыстық ветеринариялық станциясында.
Уақытша ұстау пункттері қызметінің бекітілген ережелеріне сәйкес, ер адам 19 660 мың теңге айыппұл төлегеннен кейін Арчи иесіне қайтарылды.
Арчидың иесімен облыстың аумағында иттер мен мысықтарды күтіп-ұстау және серуендету ережелері туралы түсіндірме әңгіме жүргізілді.