Павлодарда кәмелетке толмағанды зорламақ болған ер адам 15 жылға сотталды

Үкім заңды күшіне енген жоқ, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 26 жастағы Павлодар тұрғынына қатысты іс қаралды. Ол 2024 жылдың қараша айынан бері қамауда болған.
Тергеу материалдарына сәйкес, сотталушы жәбірленушінің дәрменсіз жағдайын пайдаланып, күш қолдану және оны қорқыту арқылы жыныстық қатынас жасауға әрекеттенген. Алайда қылмыс оның еркінен тыс себептерге байланысты соңына дейін жетпеген. Осыған байланысты іс жабық сот отырысында қаралды.
Сотталушы өз кінәсін ішінара мойындап, өзінің әрекеттерін ҚР ҚК-нің 122-бабының 1-бөлігі бойынша, яғни он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас жасау ретінде саралауды сұрады.
Сот үкімімен ол 15 жылға бас бостандығынан айырылды. Жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейтін болады.
Сонымен қатар, сотталушы өмір бойына педагогикалық қызметпен айналысу және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеу құқығынан айырылды.
Сот шешімімен одан 30 АЕК (2024 жылы 110 760 теңге) көлемінде жәбірленушілерге өтемақы қоры үшін мәжбүрлі төлем және сот-сараптамалық зерттеулердің шығыны ретінде 659 868 теңге өндірілді.
Сотталушы мен іс бойынша тараптар үкіммен келіспеген жағдайда, 15 тәулік ішінде апелляциялық шағым түсіруге құқылы.