Павлодарда екі жеңіл көлік соқтығысты

Екі жолаушы зардап шекті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық полиция депаратментінің мәліметінше, 8 қазанда сағат 23:00-де Ак.Сәтбаев-Кривенко көшелерінің қиылысында BMW 520 және Toyota Camry маркалы көліктер соқтығысып, жол-көлік оқиғасы орын алған. Салдарынан екі адам зардап шекті.
– Аталған факті тіркелді. Тергеу жүргізіліп жатыр. Автөкөліктер айып тұрағына қойылды, – деді департаментте.
Облыстық жедел жәрдем қызметінің бригадасы оқиға орнына сегіз минутта жетті. Зардап шеккен 19 жастағы жолаушылардың бірі №1 қалалық ауруханаға жеткізілді.