Павлодарда көктайғақта жарақат алғандар саны күрт артты
1 наурызда қалалық бірінші аурухананың қабылдау бөліміне 41 адам жүгінген, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, оның 14-інің аяқ-қолы, үшеуінің қабырғасы сынған, сегіз адамның аяғы жарақаттанған және қалғандарында көгерулер тіркелді.
– Бір адам ауруханаға жатқызылды. Дәрігерлер оған операция жасауды жоспарлап отыр, – дейді басқармада.
Дүйсенбіден бері көктайғақ салдарынан 145 адам зардап шеккен.
Естеріңізге сала кетейік, наурыз айының бірінші онкүндігінде ауа температурасының төмендеуі байқалады: түнде -13°С...-18°С, облыстың солтүстік бөлігінде -23°С... 0,-5°С болса, оңтүстігінде -8°С...+3°С, ал күндіз -2,-7°С... 0,+5°С, оңтүстік бөлігінде +8°С болады.
Бірінші, үшінші онкүндіктің басында және айдың соңында жаңбыр аралас қар, ал айдың ортасында қар мен бұрқасын күтіледі. Бірінші онкүндіктің соңында көктайғақ болады. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетеді.