Павлодарда көп қабатты үй салу үшін саяжайлардың жер учаскесі алына бастады

Бұл қалалық мәслихатының ХХХ кезектен тыс сессиясында мәлім болды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Онда қалалық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселелер қаралды. Өзгерістер қарыздарды бөлу және бюджетті атқару процесінде түзетулермен жүргізілген нысаналы трансферттердің бекітілген көлемдерін өзгерту есебінен енгізіледі, сондай-ақ қалалық мәслихаттың «Павлодар қаласы кентінің, ауылдық округінің және кейбір ауылдарының бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу қаралды.
Мәслихаттың 2025-2027 жылдарға арналған жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету бюджеттік бағдарламасын бекіту туралы шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселе бекітілді.
«Достық» көппәтерлі тұрғын үй кешенін салу үшін мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін иеліктен шығаруға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті сатып алу туралы шарттардың жобаларын келісу туралы депутаттарға ақпарат берілді. Осыған байланысты «Строитель» бау-бақша серіктестігінің тұтыну кооперативінде 28 жер учаскесі көлемінде жер учаскелерін алып қою рәсімі басталды.
Кадрлық өзгерістерге байланысты қала әкімдігінің консультативтік-кеңесші органдарының құрамына өзгерістер енгізілді.