Павлодар мектептері үздік олимпиадалық жүздікке енді

Павлодар мектептері үздік олимпиадалық жүздікке енді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Рейтинг олимпиадалық медальдар саны бойынша жасалды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар облысының білім беру ұйымдары 2024–2025 оқу жылындағы республикалық пәндік олимпиаданың қорытынды кезеңінде жоғары нәтиже көрсетті. 

– Еліміздің үздік 100 олимпиадалық мектебі қатарында Павлодар қаласының №8 лицейі 12-орынға, «БІЛ» ұлдар лицейі 20-орынға, №3 гимназия 25-орынға ие болды. Сонымен қатар «Жас дарын» мамандандырылған мектебі 32-орынды, №29 жалпы орта білім беру мектебі 70-орынды, «БІЛ» қыздар лицейі 76-орынды еншіледі. Дарынды балаларға арналған Абай атындағы мектеп-интернаты да үздік жүздіктің қатарынан көрінді, – деді облыстық білім беру басқармасының баспасөз қызметі.

Рейтинг олимпиада медальдарының ұпай саны негізінде жасалды. Әр алтын медаль үш ұпаймен, күміс екі ұпаймен, қола бір ұпаймен бағаланды. Осы көрсеткіштер негізінде еліміздің ең үздік 125 білім ордасы анықталды.

Ведомствода атап өткендей, бұл жетістік – павлодарлық оқушылардың білімге деген құштарлығы мен ұстаздарының кәсіби еңбегінің нәтижесі.