Павлодарда көшенің қақ ортасында көлік өртке оранды

Павлодарда көшенің қақ ортасында көлік өртке оранды
Фото:pixabay.com/Kollinger

Өрт 16 минут ішінде сөндірілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 2 маусымда сағат 17:16-де Назарбаев даңғылы мен Естай көшелерінің қиылысында жеңіл көліктің жанып жатқаны туралы хабар келіп түсті.

– Өрт сөндірушілер келгеннен кейін жалпы ауданы төрт шаршы метрде Volkswagen Transporter маркалы автокөлік жанғаны анықталды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ, – деді департаментте.

Өрттің себебі мен залалы белгіленуді. Өрт сағат 17:32-де жойылды.