Павлодар облысындағы қала мектептері екінші ауысымда қашықтан оқиды
Оған қатты аяз себеп, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Бұл туралы үш қаланың білім беру бөлімдері мәлімдеді.
– 26 ақпан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты Павлодар қаласындағы мектептерде 0-4-сыныптар, Екібастұз қаласындағы мектептерде 0-9-сыныптардың оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады, – делінген хабарламада.
Ал Ақсу қаласы мен ауылдық аймақтың барлық мектептерінде екінші ауысымдағы оқушылардың сабақтары онлайн форматқа ауыстырылды. Барлық мектептерде оқушыларды тасымалдау тоқтатылды.