Павлодарда кейбір көшелер уақытша жабылады

Павлодарда кейбір көшелер уақытша жабылады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Асфальт төсеу бойынша жұмыстар жүргізіледі, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

ТҮКШ ЖК және АЖ бөлімінің мәліметінше, осыған байланысты 2024 жылғы 4 шілдеде сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін Н. Назарбаев даңғылынан Катаев көшесіне дейін Толстой көшесі бойынша автокөлік құралдары үшін қозғалыс жабылады.

№№ 18, 126 автобус маршруттарының қозғалыс сызбасына уақытша өзгерістер енгізіледі.

№ 18 автобус бағыты аталған учаскені Естай (Н. Назарбаев даңғылына кірмей) – Қамзин - Толстой (BATYR MALL сауда орталығына кіру) – Қамзин - Шевченко - Катаев - Естай көшелері бойымен айналып өтеді.

№ 126 автобус бағыты осы учаскені Толстой - Н. Назарбаев даңғылы - Естай - Қамзин - Толстой (BATYR MALL сауда орталығына кіру) - Қамзин – Естай - Н. Назарбаев даңғылы бойынша айналып өтеді.