Павлодарда кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

Павлодарда кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жәрмеңкеге үш ауданның тауар өндірушілері қатысады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, 3 тамыз күні ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін өткізу жоспарлануда.

Табиғи таза өнімдермен Железин, Павлодар, Шарбақты аудандары мен Павлодар қаласы сияқты ауылдық аудандардың тауар өндірушілері бөліседі.

Мекенжайы: Торговая көшесі, 2А құрылысы (Космонавтов және Торговая көшелерінің қиылысы).

Айта кетейік, осындай жәрмеңкелер сенбі күндері Екібастұз қаласының «Народный» және Ақсу қаласының «Ауыл базарында», сондай-ақ облыстың 10 ауылдық аудандарында ұйымдастырылады.