Шарбақты– дауыс берушілер арасында ең белсенді аудан
Үш аудан бойынша сайлаушылар саны сағат сайын артып келе жатыр, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz
Павлодар облысында таңғы 7:00-ден бастап аудан әкімдерінің сайлауы басталды.
Шарбақты, Ақтоғай, Железин аудандарының аумақтық сайлау комиссиясының 13:30-ға берген мәлеметтерге сүйенсек 11 мың ауыл тұрғыны өз дауысын беріп үлгерді. Ақтоғай ауданында 33,8%, яғни 2868 адам таңдауын жасады. Железин ауданында бұл көрсеткіш 36,8 %-ды құрады. Бұл–3844 тұрғын. Ал Шарбақты үш ауданның ішінен дауыс берушілер саны бойынша көш бастап тұр. Аудандағы сайлауға қатысуға құқысы бар 12 мыңнан астам тұрғынның ішінде 4700 азамат, яғни 36 пайыздан астам халық дауысын берді.
Еске сала кетейік, аудан әкімдерінің сайлауы Қазақстанда алғаш рет өтуде. Павлодар облысының үш ауданында тұрғындар жергілікті басшыны таңдайды. Өңірде жалпы 87 сайлау учаскелері кешкі сағат 20:00-ге дейін ашық болады.