Павлодарда ұмытшақ жүргізуші айыппұл арқалады

Жыл басынан бері 647 жүргізуші қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар облысы полициясының тұрақты профилактикалық жұмыстарына қарамастан, жол жүру ережелерін жиі бұзатындардың бірі – қауіпсіздік белдігі болып табылады.
Сондай бұзушылықтардың бірі Назарбаев даңғылы-Толстой көшесінде анықталды. Тәртіп сақшылары «Nissan» көлігінің жүргізушісі көлікті жүргізген кезде қауіпсіздік белбеуін тақпағанын байқаған. Анықталғандай, ол жақын жерге бара жатқанына байланысты белбеу туралы ұмытып кеткен. Автокөлік жүргізушісіне қатысты 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салумен әкімшілік хаттама толтырылған.
– Қауіпсіздік шаралары оны үнемі орындаған кезде ғана тиімді болады. Сондықтан «көлікке отырдың – белдік тақтың» алгоритмін әркім автоматты түрде орындауы керек. Бірлескен күш-жігермен ғана жол-көлік оқиғаларының санын азайта аламыз және бекітілген қауіпсіздік белдігі қауіпсіз жүргізу мәдениетінің ажырамас бөлігі болады, – дейді полиция қызметкерлері.
Айта кетерлігі, жыл басынан бері 647 жүргізуші қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Осындай фактілердің анықталуына байланысты полицейлер азаматтарға жол жүру ережелерін қатаң сақтауға, жолда қырағы және мұқият болуға шақырады.